«Ұрса — түрмеге отырады». Берлинде Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы акция өтті
«Ұрса — түрмеге отырады». Берлинде Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы акцияға ондаған адам қатысты. Шеруге Қазақстанның экс-экономика министрінің әйелі Салтанат Нүкенованың жантүршігерлік өлімі себеп болған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы DW жариялады.

Айыптаушы тарап пен марқұмның отбасының мәліметінше, күйеуі Қуандық Бишімбаев Салтанатты 2023 жылдың қарашасында мейрамхананың VIP кабинасында сегіз сағат бойы ұрып-соғып, кейін айғақтарды жоймақ болған.
Сол жерде болғандардың ешқайсысы араша түспеген.
Келесі күні таңертең Салтанат мейрамханадан өлі күйінде табылды, яғни шақырылған жедел жәрдем оның оның өліп қалғанын тіркеген.
Қазір бұл іс бойынша сот процесі жүріп жатыр.
Бірақ Қуандық Бишімбаев өз кінәсін мойындамай, сотта өзін дөрекі ұстады.
Салтанаттың құрбысы Линара Смағұлова бұған дейінҚуаныдқ Бимішбаев әйелін үнемі қорлап, ұрып-соғып жүргенін БАҚ өкілдеріне айтқан болатын.
Берлинде өткен акцияда наразылық білдірушілер Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайтып, экс-министрді өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етті.