Әлем30 маусым 2024, 14:34

Венгрия ЕО Кеңесіне төрағалық етеді. Еуропалықтар нені күтеді?

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан ЕО Кеңесіне төрағалық ететін елдің атынан шығып, ЕО институттарына ашық шабуыл жасаған алғашқы саясаткер болды. Орбан ЕО Венгрияның егемендігіне қауіп төндіретінін, сондықтан ол «ондағы күш құрылымдарын шайқау» үшін Брюссельге баруы керек деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Венгрия ЕО-ға мүше басқа елдердің шешімдеріне бірнеше рет вето қойған.

Әсіресе Орбан мен Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен арасындағы қаржылық дау шиеленісіп барады. 

Венгрия билігі ЕО-да әрекет ететін заң үстемдігін үзілді-кесілді жоққа шығарғанымен, олар еуропадан қаржылай көмекті талап етеді.

ЕО Кеңесінің тарихында төрағалықта Венгриядағыдай мүдделер қайшылығы ешқашан болған емес.

Бұған қоса, Венгрия Украинаға көмектескісі келмейді және оның ЕО-ға кіруі бойынша келіссөздерді бәсеңдетіп, Украинаға қаржылық көмек көрсетуге тосқауыл қоюда.

Мәселен, Венгрия қазір ЕО қорынан жалпы сомасы 6,6 миллиард еуро болатын әскери көмек бөліге вето қойып отыр.

Бір қызығы, венгр тарапы ЕО-ға кіруге ұмтылған Батыс Балқан елдерін қолдайды.

Дегенмен, сарапшылардың пікірінше, Венгрияның ЕО Кеңесінің басшысы ретінде Еуропалық Одақтың қызметіне ықпалын асыра бағалауға да болмайды.

ЕО Кеңесі Венгрия төрағалық проблемалар

Тақырыпқа жаңалықтар