Әлем•Бүгін, 14:22

Ыстамбұлда нөсер жаңбырдан 2 адам қаза тапты

Түркияның Ыстамбұл қаласында толассыз жауған жаңбыр салдарынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Балат ауданында су басқан көшедегі шалшықтан өтпек болған 14 жастағы бала тоққа түсіп қайтыс болды. Ал Сарыер ауданында құлап, басын соғып алған тағы бір адам көз жұмған.

Қалада 1 277 су басу оқиғасы тіркеліп, 15 өңірде жер көшкіні болған. Төтенше жағдайлар қызметіне 2 518 хабарлама түскен.

Қолайсыз ауа райына байланысты мектептерде сабақ тоқтатылып, тұрғындарға қоғамдық көлікті пайдалану ұсынылды.

түркия Ыстамбұл Төтенше жағдай оқиға

Тақырыпқа жаңалықтар