ӘлемБүгін, 13:32

Жағажайда акула шабуылынан 1 адам қаза тапты

Аустралияда акула шабуылынан 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Аустралияның шығыс жағалауындағы Crowdy Bay жағажайында акула шабуылынан бір әйел қаза тауып, бір ер адам ауыр жарақат алды.

Жағажайдағы куәгерлердің айтуынша, жұпқа алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін, әйел адам оқиға орнында қайтыс болған. 26 жастағы ер адам ауыр жарақат алып, John Hunter Hospital ауруханасына әуе жедел жәрдемімен жеткізілді.

Полиция мәліметі бойынша, зардап шеккендер Швейцариядан келген туристер болуы мүмкін. Қазір жағажай уақытша жабылған.

Аустралия акула жағажай Адам

Тақырыпқа жаңалықтар