Жалғызбасты адамдарға ерекше көмек көрсеткен неміс марапатталды
Германия президенті жалғызбасты адамдарға ерекше көмек көрсеткені үшін немісті марапаттады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Германияда үйінде жападан-жалғыз жатып қайтыс болып жатқандар көбейген.
Ақырғы сапарға шығарып салатын тірі жаны жаны жоқ адамдарды жерлеуге еріктілер келеді.
Осы ерікті жұмысы үшін Даун синдромы бар волонтер Йоханнес Мезус Германия Федеративтік Республикасына сіңірген еңбегі үшін медалімен марапатталды.
Соңғы бірнеше жылда ол бүкіл Берлин бойынша 200-ден астам жерлеу шеруіне қатысқан екен.
Халықаралық еріктілер күніне орай сыйлықты Мезуске ел президенті Франк-Вальтер Штайнмайер табыс етті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: