Жантүршігерлік су тасқыны: 270 адам қаза тапты
Непал мен Тибетте мұздықтың опырылуы салдарынан болған тасқыннан 270-тен астам адам қаза тауып, 1300-ден астам адам хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, жоғалғандар қатарында Қазақстан азаматы да бар.
Ведомство хабарлауынша, қазақстандық азаматша туристік топ құрамында Непалдан Қытай аумағына өткен. Қазіргі уақытта оның нақты орналасқан жері белгісіз. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Қазақстандық дипломаттар жергілікті мемлекеттік органдармен байланыста болып, жағдайды бақылауда ұстап отыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: