Жапонияда әлемдегі ең ірі термоядро реакторы іске қосылды
Жапонияда әлемдегі ең ірі термоядро реакторы іске қосылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
JT-60SA энергияның жаңа түрін игеретін технология болып есептеледі. Салтанатты рәсім ресми түрде 1 желтоқсанда Жапонияның шығысында өтті. Бұл жөнінде жобаның арнайы сайтында жарияланды.
Жапонның жаңа реакторының әзірге теңдесі жоқ.
Жаңа токамак 1980 жылдары іске қосылған JT-60 базасында құрылған. Ол өз қызметін өтеп болды.
Жапон қондырғысы Еуропадағы ИТЭР жобасынан өзгеше. JT-60SA дейтерий мен тритийдің синтезі есебінен емес, алдымен сутегіні, сосын барып дейтерийді пайдаланады. Бұл оның радиоактивтілігін барынша азайтады.
Термоядролық энергетиканың болашағы зор дейді ғалымдар.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: