Әлем9 қыркүйек 2024, 0:07

Зеленский: Ресей бір апта да Украинаға 1100-ден астам бомба, ұшқышсыз ұшақ пен зымыран қолданды

Ресей Федерациясы бір апта ішінде Украинаға 1100-ден астам басқарылатын бомба, ұшқышсыз ұшақ пен зымыран қолданды, - деді Зеленский.  Ол Киевтің халықаралық серіктестерін Украинаға жеткізілген Батыс қаруларымен Ресей аумағындағы әскери нысандарға соққы беруге рұқсат беруге тағы да шақырды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оның айтуынша, өткен аптада ғана Ресей армиясы Украина бойынша 800-ден астам басқарылатын бомба, 300-ге жуық жанкештілерді және әртүрлі типтегі 60-тан астам зымыран атқылаған.

«Террорды тек бір жолмен ғана тоқтатуға болады: Ресейдің әскери аэродромдарына, олардың базаларына және ресейлік лаңкестіктің логистикасына соққы беру арқылы біз бұған қол жеткізуіміз керек», - деп атап көрсетті Зеленский. 

Ол Украинаға жаңа әскери көмек пакетімен қолдау көрсеткен елдерге алғыс айтты.

Зеленский Украина Ресей Қару қолдану
23 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
23 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
23 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар