Әлем18 мамыр 2024, 19:19

Зеленский тұтқындарды жұмылдыру туралы заңға қол қойды

Зеленский тұтқындарды жұмылдыру туралы заңға қол қойды. Енді Украинадағы заң ұсақ әрекеттері үшін сотталған қылмыскерлерді жұмылдыруға мүмкіндік береді, деп жариялады РБК-Украина агенттігі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Олар әскерге баруға келісім берген жағдайда шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға құқылы болады.

Жазасын өтеп жатқан немесе ұлттық қауіпсіздікке қарсы қылмыс, екі немесе одан да көп адамды қасақана өлтіру, жыныстық бостандық пен қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылық, аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталғандар әскер қатарына шақырылмайды.

Украина Қорғаныс министрлігі жұмылдырылған тұтқындар арнайы жасақта қызмет ететінін түсіндірді.

Украина Әділет министрінің орынбасары Елена Высоцкаяның айтуынша, бес мыңға жуық тұтқын әскери қызметке баруға дайын.

Зеленский тұтқындар Мобилизация заңға қол қойды

Тақырыпқа жаңалықтар