ӘлемБүгін, 15:25

Жер сілкінісінен 250-ден аса адам қаза тапты

Ауғанстанда жер сілкінісі болып, 250-ден аса адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Елдегі Кунар провинциясында магнитудасы 6 балдық жер сілкінісі тіркелген. Алдын ала деректер бойынша 250-ден астам адам қаза тауып, 500-ден аса адам жараланған.

Жолдар топан судан жабылып қалған. Тікұшақтармен құтқару жұмыстары жүргізілуде. Мамандар мұны елдегі ең күшті жер сілкіністердің бірі деп бағалап отыр.

Аймақта магнитудасы 5,2-ге жететін екі қайталама дүмпу болды. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, эпицентр Джелалабадтан солтүстік-шығысқа қарай 27 шақырым жерде орналасқан.

Ауғанстан жер сілкінді Ақпарат өңір

Тақырыпқа жаңалықтар