Жойқын жер сілкінісі: Қаза тапқандар мен жоғалғандар бар
Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Табиғи апат салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бір адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.
Жерасты дүмпулері дүйсенбіге қараған түні Лючжоу қаласында тіркелген. Төтенше жағдай салдарын жою жөніндегі жедел штаб мәліметінше, аймақта екі адамның қаза тапқаны расталды.
Сондай-ақ жер сілкінісі салдарынан қираулар болғаны хабарланды. Құтқару қызметтері зардап шеккен аудандарда жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: