Жозеп Боррель: Ресей өз міндеттемелерін бұзды
Жозеп Боррель Ресей ядролық сынақтарға тыйым салу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін бұзды деді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Еуроодақ дипломатиясының басшысы Ресейдің Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың тез арада күшіне енуі үшін күш салуға және оны барлық арналар арқылы жоғары саяси деңгейде ілгерілетуге уәде бергенін еске салды.
Путиннің ЯСЖТШ-ны ратификациялау туралы заңға қол қоюы «Ресейдің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі ретіндегі мәртебесіне байланысты осы міндеттемелерге қатысты кері қадам», - деді Боррель.
Сондай-ақ бұл қадам Ресейдің Украинаға қарсы заңсыз соғысы аясында және бірнеше айлық «жауапсыз ядролық риторика мен қоқан-лоққылардан» кейін жасалғаны, олардың кейбіреулері ядролық сынақтардың қайта басталуын меңзейтіні атап өтілді.
Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартты БҰҰ Бас ассамблеясы 1996 жылы қыркүйекте қабылдады.
Оны қазірдің өзінде 178 мемлекет ратификациялаған, бірақ АҚШ пен Қытайды қоса алғанда, бастапқы тізімдегі сегіз ел ратификацияламағандықтан, ол ешқашан күшіне енген жоқ.