1 млрд теңгеден астам сомаға алаяқтық жасағаны үшін кінәлі тұлғалар сотталды
Бірнеше жыл бойы мемлекеттік бағдарлама атын жамылып алаяқтыққа барған екі таныс адамның ісі әшкереленіп, 6 жыл 8 ай мерзімге сотталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бас прокуратураның мәліметінше, олар кеңсені жалға алып, жұмыс істеп тұрған ЖШС-ның деректемелерін пайдаланып іс қылған. Сотталғандар азаматтарды жеңілдетілген шарттармен Астана мен Алматы қалаларында орналасқан жоғары санатты тұрғын үй алу, сондай-ақ мемлекеттік бағдарлама аясында несие мен қарыз рәсімдеуге уәде беріп, жалған келісімшарттар жасап алдаған. Олар 150 жәбірленушіге 1 млрд теңгеден астам шығын келтірілген.
Сот үкімімен олардың әрқайсысына 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, 5 жыл мерзімге материалдық жауапты және басшылық қызметтер атқару құқығынан айырылды.