Абай облысында тереңдігі 15 метрлік карьерден заңсыз алтын өндірілген
Салдарынан 4 мың шаршы метрден астам жердің құнарлы топырақ қабаты бүлінген,деп хабарлайды Arbat.Media.
Қылмыстық топ Жаңғызтөбе кентінен 10 шақырым жерде тиісті рұқсатсыз алтын өндірумен айналысқан.
Оқиғаға қатысы бар 9 адам анықталды, деп мәлімдеді қаржылық мониторинг агенттігі.
Құрамында алтыны бар 7 қап материал, екі металл іздегіш құрал, екі тиегіш және бір экскаватор тәркіленді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: