13 жастағы бала мейрамханада даяшы болып жұмыс істеп жүріп қайтыс болды

Шымкенттегі «Алтын Мерос» мейрамханасында 13 жастағы жасөспірім даяшы болып жұмыс істеп жүріп көз жұмған. Оқиға бірнеше ай бұрын болған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мейрамханаға қатысты 2GIS-тегі пікірлерде кәмелетке толмаған балалардың жұмыс істегені жазылған. Кейбір қолданушылар жасөспірімдерге ауыр жұмыс жүктелгенін және қауіпсіздік талаптары сақталмағанын айтқан.

Пікір қалдырғандардың бірі мекемеде бейнебақылау камералары болмағанын айтып, қайғылы оқиғаға кім жауап беретініне қатысты сұрақ қойған.

Жасөспірім Мейрамхана даяшы оқиға

Тақырыпқа жаңалықтар