Үш баласынан айырылған отбасыда қыз бала дүниеге келді

Былтыр Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданына қарасты “Қаламқас” тұрғын алабында үш бала иіс тиіп, көз жұмған еді. Қайғылы оқиғадан қаза тапқандар – 1995 жылы туған үлкен қызы, 2009 жылы туған ұлы және 2012 жылы туған кіші қызы, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ал биыл 51 жастағы Күмісай Пәлекиева қыз босанды. Нәресте ЭКО арқылы дүниеге келген.

Сәби 17 қарашада туған. Салмағы – 3400 грамм, бойы – 52 сантиметр. Анасы кесарь тілігі арқылы босанған. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы.

Күмісай жолдасымен бірге көптен күткен сәбилі болу үшін ЭКО жасатуға шешім қабылдаған. Қызына Ария есімін әкесі таңдаған. Бұған дейін отбасы қыркүйек айында 13 жастағы ұл баланы асырап алған.

Маңғыстау облысы қыз бала дүниеге келді ЭКО

Тақырыпқа жаңалықтар