Таразда ашылғанына бір ай толмай бүлінген мемориал қайта қалпына келтірілді
Ескерткіш соғыс жылдары эвакуациялық госпитальда емделіп жатып көз жұмған жауынгерлердің құрметіне орнатылған. Ресейдің Бас консулдығы мемориалды қалпына келтіруге атсалысқаны үшін Жамбыл облысы мен Тараз қаласының әкімдіктеріне алғыс айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Еске салайық, белгісіз біреулер 15 қазанда күрделі жөндеуден кейін салтанатты түрде ашылған мемориалды қиратып кеткен еді. Осы жағдайға байланысты Ресейдің Бас консулдығы Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне нота жолдаған.
Ескерткішті қорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: