Новости: Павлодар облысы

Павлодар облысы - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Павлодар облысы】 жаңалықтар Arbat media
Павлодар облысында оқушылар онлайн оқуға көшірілді
7 қараша 2024 / Новости Казахстана

Павлодар облысында оқушылар онлайн оқуға көшірілді

Павлодар облысында қатты желдің салдарынан мектептердегі сабақтар тоқтатылып, онлайнға ауыстырылды. 1-11 сынып оқушылары және колледжердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқып жатыр. Бүгін Павлодар қаласының мектептерінде бірінші ауысымдағы мектепалды, 1-11 сынып оқушыларының, колледждерде 1-2 курс (9-сыныптан кейін түскен) студенттердің сабақтары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады. Қаладағы температура - 1 градус, желдің күші секундына 14-25 метр. 

Мемқызмет: Павлодардағы мекемелерде 400-ден астам орын бос тұр
28 қазан 2024 / Новости Казахстана

Мемқызмет: Павлодардағы мекемелерде 400-ден астам орын бос тұр

Павлодар облысындағы мемлекеттік қызметшілердің саны – 3659 адам. Ал бөлінген штат саны – 4083 орын. Мемлекеттік аппаратта әлі де 400-ден астам бос жұмыс орны бар. Ертіс-Баян өңірінің мемлекеттік аппаратында қызметшілердің жетіспеушілігі байқалады. Барлық 4083 жұмыс орнының 10%-ы бос тұр. 

Павлодар облысында астық мол жиналды
18 қазан 2024 / Новости Казахстана

Павлодар облысында астық мол жиналды

Павлодар облысының диқандары астықты дәнді дақылдар бойынша биыл тағы рекордтық өнімге қол жеткізді. Өңірде 1 млн 116 мың тонна астық қамбаларға құйылып жатыр. Павлодар облысының егіс далаларында қазіргі уақытта майлы дақылдан өзге дақылдардың барлығы жиналды. Фермерлер үшін жиын-терім науқаны табысты өтіп, рекордтық өнімдер алынды. 

Қарағанды облысы: Өртпен әлі күресіп жатыр, бір адамды күйік шалды
9 қазан 2024 / Новости Казахстана

Қарағанды облысы: Өртпен әлі күресіп жатыр, бір адамды күйік шалды

Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысындағы дала өрті оқшауланғанын мәлімдеді. Өрт ошағында қызыл жалынмен күрес әлі жалғасып жатыр. Өткен түнде тағы бір адамды күйік шалып, ол ауруханаға жеткізілген. Денесінің 35 пайызы күйген азамат қазір жансақтау бөлімінде жатыр. 

Павлодар облысындағы өрт: Әскери ұшқыштар көмекке келді
8 қазан 2024 / Новости Казахстана

Павлодар облысындағы өрт: Әскери ұшқыштар көмекке келді

Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары өрт сөндіруге жұмылдырылды. Павлодар облысының Желтау ауылында болған ірі өртті сөндіру үшін Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелеріне Әуе қорғанысы күштерінің әскери ұшқыштары көмекке келді.

Мойнына гир тасын байлап, өзенге батырып жіберген
6 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Мойнына гир тасын байлап, өзенге батырып жіберген

Ағайынды азаматтар алдын ала сөз байласып, адам өлтірген және үйінде заңсыз оқ-дәрілерді сақтап келген. Сот оларға 15 және 16 жылға бас бостандығынан айыру жазаларын тағайындады. Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ағайынды К.А. мен К.Д-ға қатысты алдын ала сөз байласу арқылы пайдакүнемдік ниетпен адам өлтіру және заңсыз оқ-дәрілерді иемдену және сақтау бойынша қылмыстық істі қарады. 

14 жасар өгей қызын зорлап, жүкті қылған
24 шілде 2024 / Новости Казахстана

14 жасар өгей қызын зорлап, жүкті қылған

Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өгей қызын зорлаған Ц-ға үкім шықты. Сотталушыға Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-2 бөлімі 3-тармағымен айып тағылған. Істің мән-жайын жария ету мүмкін болмағандықтан оқиға жабық сот отырысында қаралды. Ц. өз кінәсін мойындап, қатаң жазаламауды сұрады. 

Екі облыста бопсалап ақша талап ететін қылмыстық топтар ұсталды
9 шілде 2024 / Новости Казахстана

Екі облыста бопсалап ақша талап ететін қылмыстық топтар ұсталды

Жастар арасында пайдакүнемдік пиғылмен ғана емес, сонымен қатар ерекше дөрекілікпен, менмендікпен жасалатын, кейде қоғамдық резонанс тудыратын бопсалау фактілері полицияның ерекше бақылауында.