17 мыңға жуық этникалық қазақ Қазақстанға оралды

2025 жылы 16 805 этникалық қазақ атамекеніне оралып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 1991 жылдан бері елге оралған қандастардың жалпы саны 1 млн 164 мыңнан асты.

2026 жылдың басындағы дерек бойынша, қандастардың 57,4%-ы — еңбекке қабілетті, 34%-ы — кәмелетке толмағандар, 8,6%-ы — зейнет жасында.

Жаңа қоныстанушылар көбіне еңбек күші тапшы өңірлерге орналастырылды. Мысалы, Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары. Өткен жылы бұл өңірлерге 2 309 адам қоныс аударып, квота толық орындалды.

Қазақ отандас атажұрт этника

Тақырыпқа жаңалықтар