17 қарашада ауа райы қандай болады?
17 қарашада Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауады. Өзге өңірлерде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бірқатар аймақта тұман түсіп, жел күшейеді, батыста, солтүстікте және солтүстік-батыста көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Arbat.Media.
Астанада жауын-шашын болмайды: түнде −8…−6°C, күндіз +2…+4°C, жел секундына 3–8 метр. Алматыда түнде және таңертең тұман түседі, жауын-шашын күтілмейді. Түнгі температура −4…−2°C, күндіз +5…+7°C, жел 3–8 м/с болады. Шымкентте де жауын-шашынсыз, түнде тұманды ауа райы болжанады. Түнде +2…+4°C, күндіз +14…+16°C, жел 5–10 м/с болады.
Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында жаңбыр мен қар жауып, тұман, көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстанда түнде −5…0°C, Ақтөбе облысында −3…+2°C, екі өңірде де күндіз 0…+5°C болады. Жел 7–12 м/с. Атырау облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұманды: түнде −3…+2°C, күндіз +2…+7°C, жел 5–10 м/с. Маңғыстау облысында жауын-шашын күтілмейді, тұман түседі. Түнде 0…+5°C, жекелеген аудандарда −3°C, күндіз +3…+8°C, жел 9–14 м/с болады.