Қазақстан жаңалықтары17 мамыр 2024, 16:58

2023 жылы жалпы ішкі өнім 5,1 пайызға өсті

2023 жылы жалпы ішкі өнім 5,1 пайызға өсті. Бұл туралы Мәжілісте 2023 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебін баяндаған қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Жедел деректер бойынша 2023 жылы жалпы ішкі өнімнің өсуі 5,1 пайызды құрады. Бұл мақұлданған болжамды мәннен 1,1 пайыздық тармаққа жоғары. Негізгі көзге түскендері: өңдеу өнеркәсібінің ұлғайғаны, құрылыс саласындағы және сауда-саттықтағы жетістіктер, көлік саласындағы қызметтердің көлемі өскені, көтерме және бөлшек саудада сату қарқыны ұлғаюы. Тағы бір атап өтетін көрсеткіш – ол негізгі капиталға инвестициялар көлемінің артуы. Мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға арналған шығыстар толық көлемде орындалды. Ынтымақты зейнетақы мөлшері 10,5 пайызға индекстелді», - деді ол.

Сонымен қатар оның дергінше, ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты:

- ең төменгі базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейі 54-тен 60 пайызға дейін;

- ортақ зейнетақыны есептеу үшін қабылданатын ең жоғары табыстың шамасы 46-дан 55 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылды.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша 2,3 млн зейнеткерге зейнетақы төлемдеріне бюджет шығыстарының жалпы сомасы – 3 313,9 млрд теңге. Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері екі рет, 2023 жылдың 1 қаңтарынан 8,5 пайызға, 2023 жылыдң 1 шілдесінен 14,5 пайызға өсті. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап балалары бар отбасыларға берілетін барлық мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 8,5 пайызға артты. Инфляция деңгейі 9,8 пайызды құрады», - деді вице-министр.

жалпы ішкі өнім 2023 жыл 5,1 пайыз

Тақырыпқа жаңалықтар