24 жастағы жігіт Балқаш көліне батып кетті
Балқаш көлінде демалыс кезінде қайғылы оқиға орын алды. 24 жастағы жігіт қаза тапты. Оқиға 14 шілде күні сағат 17:04-те жағадан 100 метр қашықтықта болған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жас жігіт балаларға арналған суда жүзетін шеңберді алмақ болып, тым алысқа жүзіп кеткен және бата бастаған. Куәгерлер оны жағаға шығарып алуға көмектесті. Кезекші құтқарушылар бірден жүрек-өкпе реанимациясын жасап, жедел көмек көрсетуге кіріскен. Алайда дәрігерлер күш салғанымен оны аман алып қалу мүмкін болмады.
Оқиға болған жерде демалыс аймағының құтқару бекеті кезекшілік атқарып тұрған, алайда қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болмады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: