Қазақстан жаңалықтары9 сәуір 2024, 14:00

3 412 үй су астында қалды – ТЖМ өкілі

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Аазаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш су тасқыны салдарынан қанша үй су астында қалғаны туралы мәлімет ұсынды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Азаматтық қорғаныс қызметтері 76 мыңға жуық адамды, оның ішінде 30 мыңға жуық баланы және 45 мүмкіндігі шектеулі азаматты қауіпсіз орынға жеткізген.

Оның айтуынша, уақытша паналау бекеттеріне 7 703 адам, оның ішінде 3 266 бала орналастырылған. Төтенше жағдайлар, Қорғаныс министрлігі және Ұлттық ұланның әуе кемелері құтқару жұмысын әлі жүргізіп жатыр.

«7 млн 828 мыңнан астам текше метр еріген қар суы шығарылды. 1090-нан астам құмқап пен 996,1 мыңнан астам тонна инертті материал төселді», деді ол.

Ерасыл Сайпаштың мәліметінше, тасқыннан құтқару жұмыстарына 16 мыңға жуық адам, 3 мыңға жуық техника, 6 әуе кемесі жұмылдырылған.

«Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында 3 412 жеке тұрғын үй, 421 аула және 1 926 саяжай үйі су астында қалды», деді ТЖМ офицері.

ТЖМ азаматтық қорғаныс Тасқын мәлімет

Тақырыпқа жаңалықтар