«4 адам көз жұмды»: Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Алматы – Өскемен тас жолында болған жол апатынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.

10 желтоқсанда сағат 14:15 шамасында екі көлік бір бірімен соқтығысты.

Әзірге толық емес ақпарат бойынша, KIA көлігінің жүргізушісі ауа райы күрт бұзылып, жол тайғақ болып тұрған кезде қарама-қарсы бағытқа өтіп кетіп, Toyota көлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан төрт адам қаза болған. Тағы төрт адам түрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.

Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Жетісу облыс Алматы тас жол

Тақырыпқа жаңалықтар