Депутаттар ұялы байланыс жұмысын операторларының тексеруді талап етті

Депутаттар ұялы байланыс жұмысын операторларының тексеруді талап етті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Елдегі ұялы байланыс операторларының жұмысын тексеру керек. Өйткені, олардың тариф бағасын бір уақытта және бір көлемде көтергені арада монополия бар деген күмән тудырады.

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов Премьер-министр Олжас Бектеновке осылай деп депутаттық сауал жолдады. Оның пікірінше, байланыс операторлары бағаны 20 пайызға өсіретінін өзара келісіп алғаннан кейін хабарлап отыр.

«Заңсыз әрекеттерге жол бермей, тұтынушылардың құқығын қорғаймыз десек, кешенді тексеріс өткізу керек. Нарыққа жаңа байланыс операторларын шақырып, бәсекені күшейтуге ден қойған жөн», - деді депутат.

депутат жұмыс Баға оператор

Тақырыпқа жаңалықтар