“40-44 градус”: 17 маусымға арналған ауа райы болжамы
Мамандар 17 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бүгін республиканың басым бөлігінде циклон ықпалынан найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, батыста бұршақ жаууы мүмкін.
Қазақстанның оңтүстігінде ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.
Ұлытау облысында 35-39, облыстың оңтүстігінде күн 42 градусқа дейін ысиды.
Қызылорда, Түркістан облыстарында 40-44, күндіз Жамбыл облысында термометр бағамы 40 градусқа дейін көтеріледі.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Алматы, Абай, Жетісу облыстарында, Қарағанды облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде температура 35-39 градус шамасында сақталады.
Астанада күн ала бұлтты. Ауа температурасы +33+35°С, желдің жылдамдығы 7-12 м/с.
Алматыда күн ала бұлтты. Ауа температурасы +34+36°С, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.
Шымкентте күн қатты ыстық. Ауа температурасы +39+41°С, желдің жылдамдығы 8-13 м/с.