51 млн теңге: Жамбыл облысында ерлі-зайыпты WhatsApp-та жұртты алдаған
Жамбыл облысында ерлі-зайыпты WhatsApp-та жұртты алдаған, деп хабарлайды Arbat.Media.
2024 жылғы желтоқсанынан бастап ерлі-зайыпты WhatsApp-та тұрмыстық тауарларды төмен бағамен сататынын жариялаған. Алғашқы клиенттерге тауар жеткізілген, кейін 112 адамнан тапсырыс алып, ақшасын алғанымен, тауарды бермеген.
Зардап шеккендердің жалпы шығыны – 51 288 146 теңге.
Сот үкімімен ер адам 2 жыл 8 ай, әйелі 2 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: