6 градусқа дейін үсік: Алдағы күндері күн райы қандай болады?
Елдің батыс және оңтүстік өңірлері оңтүстік циклонның ықпалында болады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі, сондай-ақ күндізгі ауа температурасы +27…+35 градусқа дейін көтеріледі.
Республиканың қалған бөлігінде суық антициклон өз әсерін сақтайды. Түнгі уақытта солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде 1-6 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Ал күндіз ауа температурасы +12…+28 градустан +20…+30 градусқа дейін жоғарылайды.
Ел аумағында жел күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы ықтимал. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік, шығыс өңірлерде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында тұман түседі.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: