«7-20-25» бағдарламасы аясында 76 106 қарыз берілді
Фото: freepik.com
freepik.com
Қазақстан жаңалықтары1 қазан 2024, 9:00

«7-20-25» бағдарламасы аясында 76 106 қарыз берілді

Қыркүйектегі жағдай бойынша, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 1,049 трлн теңгеге 76 106 қарыз берілді. Ұлттық банктің мәліметінше, Астана қаласы бойынша 27 728 өтініш келіп түссе, 440,6 млрд теңге бөлінген. Ал, Алматы қаласында «7-20-25» бағдарламасы бойынша 15 630 өтінім түссе, 245,6 млрд теңге қарастырылған. Шымкент қаласында 5 636 өтініш болса, 71, 4 млрд теңге бөлініп отыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«7-20-25» — Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін ипотекалық бағдарлама екенін еске саламыз.

«7-20-25» — бұл Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған әлеуметтік бағдарлама, ол әрбір қазақстандық үшін қолжетімді несие беру шарттарымен тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін жаңа мүмкіндіктер береді.

Қазақстанда тұңғыш рет бағдарламаға қатысушының өзі таңдай алатын құрылыс салушылардың тек бастапқы нарығына арналған тұрғын үй бағдарламасы қабылданды.

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ «7-20-25» бағдарламасының операторы.

«7-20-25» Ұлттық банк тұрғын үй ипотека

Тақырыпқа жаңалықтар