8 метрлік питон фермерді тірідей жұтып қойды

Индонезияда фермер Ла Ноти таңғы уақытта көршілерімен кездесуі керек болған. Алайда ол плантациядан үйіне оралмаған. Бұл туралы оның туыстары хабар берген соң, көршілер бірден іздеуге кіріскен, деп хабарлайды Arbat.Media Azattyq Rýhy сайтына сілтеп.

Ауыл тұрғындары Ла Нотидің мотоциклін шаруа қожалығының маңынан тапқанымен, өзі еш жерде болмаған. Қасындағы үй бос жатқан, ал жанынан үлкен питон табылған.

Күдік тудырған 8 метрлік алып питонды ауыл тұрғындары ұстап алып, қаруын сайлап, оның ішін жарып көрген. Жыланнан Ла Нотидің денесі шыққан. Бұл сәтті көршілер видеоға түсіріп алған.

Алдын ала мәлімет бойынша, питон фермерге қорада балапандарды тамақтандырып жатқан сәтте шабуылдаған. Қарияның жанында ешқандай қорғану құралы болмаған, сол себепті жылан оны тұтас жұтып қойған.

Оқиға орнына жеткен жергілікті билік бұл жағдайдың ауданда алғаш рет тіркелгенін мәлімдеді. Алайда Индонезияның басқа өңірлерінде мұндай жағдайлар жиі кездеседі, әсіресе жаңбырлы маусымда, жыландар плантацияларға кіріп, малға немесе адамдарға шабуыл жасайды.

Ла Нотидің мәйіті туыстарына жеткізілді. Жақын күндері жерлеу рәсімі өтеді.

Питон Әйел ер адам жұтты

Тақырыпқа жаңалықтар