90 жастағы зейнеткер алаяққа алданып, 6 млн теңгесінен айырылды
Атырауда 90 жастағы зейнеткердің 6 млн теңгесін алған алаяқ сотталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оқиға 29 мамырда болған. Алаяқ қарияға өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, қызы жол апатына түсті деп алдаған.
«Мәселені шешу үшін» деп 6 млн теңге талап етіп, курьер арқылы ақша алған. Қария қорыққанынан барлық ақшасын беріп жіберген. 10 күннен кейін полицияға жүгінген.
Тергеу нәтижесінде 2000 жылы туған күдікті ұсталды. Ол кінәсін толық мойындады.
Сот үкімімен алаяқ 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: