900 мың теңге жалақым жетпейді – депутат
Депутат Бақытжан Базарбек 900 мың теңге жалақының жетпейтінін, сол үшін жұбайынан жұмыс істеуін сұрағанын айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Журналистер Бақытжан Базарбектен жаңа Құрылтай жасақталса, депутаттардың жалақысын көтеруге қойылған мораторий алынуы мүмкін бе деп сұрады. Оның айтуынша, қазіргі экономикалық жағдайға байланысты бұл мәселені көтеру “онша орынды емес”.
Сонымен қатар Базарбек қазіргі жалақының өзіне жеке жеткіліксіз екенін мойындады. Сондықтан жұбайынан жұмыс істеуін сұрапты.
Ол мұны балаларға кететін шығындармен, үйірмелер ақысы мен бағаның өсуімен түсіндірді. Депутаттың сөзінше, кейбір әріптестерінің 5-6 баласы бар, ал тек үйірмелердің өзіне шамамен 300 мың теңге жұмсалуы мүмкін.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: