Қазақстан жаңалықтары29 қараша 2023, 6:19

Абай, Дулат, Шәкәрім... Алматыда 35 автордың кітабы таныстырылды

"Абай" баспасы қазақ әдебиетінің классик ақын-жазушыларының шығармаларынан бірегей серия жасақтаған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл серия қазақтың бас ақыны, хәкім Абайдан басталып, Дулат Бабатайұлы, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Мұхтар Әуезов, Алашорда қайраткерлері, Кеңес Одағы заманының әйгілі қаламгерлері, тәуелсіз Қазақстанның көрнекті жазушылары мен белгілі жас авторлардың шығармаларын қамтиды.

Қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай хәкімнен басталып, әр кезеңнің классик қаламгерлерінің шығармаларымен жалғасын тапқан кітаптардың ішінде оңайлықпен қолға түсе бермейтін, іздегенге таптырмас академиялық зерттеу еңбектері де бар.

«Абай» баспасынан шыққан 35 кітап әлемдік сұранысқа сай, заманауи үлгіде, минимализм дизайнда жасалған. Жинақтардың біразы бұрыннан қалыптасқан форма мен түстер галереясын, тіпті мазмұны мен тақырыбын да бұзып-жарып, өз жаңа тартымдылығымен оқырманға жол тартты.

Ақберен Елгезек, «Абай» баспасының директоры:

— Болашақта оны 100 томға жеткіземіз деген арманымыз бар. Бұл бір айта кетерлігі, баспаның өз қаражатымен шығарылып жатыр. Ешқандай бюджеттен шығарып жатқан дүние емес. Неге десеңіздер, бүгінгі таңда кітап оқу сәнге айналып келе жатқан заман. Әсіресе жастар көп оқиды. Кітап жетпей жатады деп айтады. Сондықтан осы олқылықтың орнын толтыру үшін біз осындай қадамға барып тұрмыз.

35 кітаптың мұқабасы сұранысқа сай, заманауи үлгіде, минимализм дизайнда жасалған. Жинақтардың біразы бұрыннан қалыптасқан форма мен түстер галереясын, тіпті мазмұны мен тақырыбын да бұзып жарып, оқырманға жол тартады. Әр кезеңнің классик қаламгерлерінің шығармаларымен жалғасын тапқан кітаптардың ішінде оңайлықпен қолға түсе бермейтін, іздегенге таптырмас академиялық зерттеу еңбектері де бар.

Смағұл Елубай, жазушы:

— Отыз бес кітаптың тұсаукесерін жасап жатыр. Бұл енді кітап әлемінде бір ерекше оқиға деп ойлаймын. Әуезовтен бастап, Жансүгіровтен бастап, қазақ классиктерінің біразы бар екен. Солардың ішінде біздің бір кітабымыз кіріп кетіпті. Баспалар қуана-қуана басып отыр. Сондықтан «Абай» баспасына алғысымыз ала бөтен.


«Абай» баспасы Ақберен Елгезек классик ақын-жазушылар 35 автордың кітабы

Тақырыпқа жаңалықтар