Абай облысында 11 жастағы қыз жоғалып, қайта табылды

Абай облысында 11 жастағы қыз жоғалып, қайта табылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

2014 жылы туған 11 жастағы Саяна Қадырғожина жоғалып кеткен еді. Абай облысының полициясы тұрғындарды қызды іздеуге көмектесуге шақырды.

“2025 жылғы 3 қараша сағат 13:00-де қыз Севастопольская көшесі, 18 мекенжайындағы мектептен кейінгі үйірмеден шығып, белгісіз бағытқа кеткен. Қазіргі уақытқа дейін оның қайда екені анықталмады. Баланың ерекше қажеттіліктері бар, үнемі бақылауды қажет етеді”, – делінген полиция хабарламасында.

Кеше, түнге қарай қыздың табылғаны белгілі болды.

Абай облыс Жасөспірім полиция

Тақырыпқа жаңалықтар