Абай облысында ойнап жүрген балаларды көлік басып кетті
Үржар ауданының Бестерек ауылында үйдің жанында ойнап жүрген балаларды көлік қақты. Жүргізуші рульге ие бола алмай қалған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қайғылы жағдай 19 тамызда сағат 16: 00 шамасында болған. Абай облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Toyota көлігінің 55 жастағы жүргізушісі көлік тізгінін басқара алмай қалған. Апат салдарынан екі бала оқиға орнында қайтыс болды. Біреуі ауруханаға барар жолда көз жұмды. Тағы үшеуі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды.
Президенттің тапсырмасымен қорғаныс министрлігінің ұшағы Абай ауданына ұшып келді. Бортта реаниматолог, нейрохирург және травматолог бар.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: