Назарбаев университетінде студент қыз жатақхана терезесінен секіріп кетті
Назарбаев университетінің аумағынан 22 жастағы қыздың мәйіті табылды. Ол 12-қабаттан секіріп кеткен, деп хабарлайды Arbat.Media.
Беделді оқу орны аумағында адам өлімі туралы қауесет 17 тамыз күні пайда болды. Бірақ қайғылы оқиға 15 тамызда болған. Полиция жас қыздың денесін табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән - жайларын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деп атап өтті полиция.
Айта кетейік, екі ай бұрын осы оқу орнында тағы бір студент қыздың мәйіті табылған еді. Ол кезде себеп ретінде оқудағы қиындықтар айтылған болатын.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: