АЭС құрылысына қанша ақша кететіні құпия болуы мүмкін

Қазақстанда атом электр станцияларын салу мен жөндеуге жұмсалатын қаражат көлемі мемлекеттік құпия ретінде жіктелуі мүмкін, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов үкімет брифингінде мәлімдеді.

29 сәуірде Мәжіліс мемлекет қауіпсіздігіне жауапты құрылымдардың жұмысын күшейтуге бағытталған заң жобасын қабылдады. Құжат мемлекеттік құпияларды қорғауды нығайтуды көздейді. Вице-министрдің айтуынша, бүгінгі күнге дейін энергетикалық жобалар ашық өтіп келген, алайда АЭС жобасының ауқымы мен халықаралық сипатына байланысты жағдай өзгеруі мүмкін.

атом құпия Қаржы Құрылыс

Тақырыпқа жаңалықтар