Әйел күйеуінің басына телефонмен ұрып, өлтірген

Баку қаласында күйеуін өлтірді деген күдікпен ұсталған Раида Махмудоваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі өтті, деп хабарлайды Arbat.Media POLITICO.KZ сайтына сілтеп. 

Қылмыстық істі ауыр қылмыстар жөніндегі Баку қалалық соты қарап жатыр. Сот отырысында куә ретінде Хатаин аудандық сот-медициналық сараптамасының маманы Орхан Алиев сөз сөйледі. Ол оқиға орнында марқұмның мәйітін тексеріп, айыпталушының күйеуіне келтірген жарақаттарының сипаты бойынша түсініктеме берді.

Раида Махмудова соттағы мәлімдемесінде күйеуінің басын телефонмен ұрғаннан кейін, оны итеріп жіберіп, бөлмеден шығып кеткенін айтты. Қайғылы оқиғаға байланысты бірнеше даулы жайттарды нақтылау мақсатында келесі отырысқа алдын ала тергеу жүргізген тергеуші шақырылатын болды.

Еске сала кетейік, ресми мәліметке сәйкес, 2024 жылдың 24 қазанында таңғы сағат 08:00 шамасында Хатаин ауданының прокуратурасына 1986 жылы туған Гаджи Махмудовтың қайтыс болғаны туралы хабар түскен.

Жүргізілген тергеу барысында анықталғандай, 1987 жылы туған Раида Махмудова күйеуімен арадағы жанжал кезінде оған ауыр соққы беріп, төсек үстінен итеріп жіберген. Салдарынан Г.Махмудов алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмған.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 126.3-бабы (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда жәбірленушінің өліміне алып келген) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілді.

Қылмыс сот өлім Қаза

Тақырыпқа жаңалықтар