"Әйелдер бір-бірімен төсектес болады": Түрмеден шыққан келіншек темір тордағы сұмдықтарды айтты

Алаяқтық бойынша екі жыл сегіз айға сотталып, жазасын өтеп шыққан Риза Мұсаханова түрме ішіндегі шынайы әрі адам шошырлық жағдайлар туралы Qazaq.Airan жобасында ашық баяндап берді, деп хабарлайды Arbat.Media POLITICO.KZ сайтына сілтеп.

Оның айтуынша, абақтыда ұзақ жылдар отырған әйелдер біртіндеп өз болмысынан айырылады, мінез-құлқы мен жүріс-тұрысы өзгеріп, әйелдік табиғаты көмескіленеді.

Ол жерде көп отырғаннан ба, әйелдер өздерінің „личностьтарын“ жоғалтады. Мен соны білемін, біреуі еркек, біреуі әйел болып кетеді, — дейді Риза.

Оның айтуынша, жылдар бойы ер адамды көрмеген әйелдер еркектік рөлді өздері иелене бастайды:

Бәленбай жыл еркек көрмеген әйелдер еркек болып кетеді. Олар омырауларын байлап тастайды, еркектер сияқты шаштарын қырқып алады. Походкасы, жүріс-тұрысы, бәрі өзгереді, — деп нақтылайды ол.

Риза Мұсаханова абақтыға жаңадан келген жас қыздардың да осындай жағдайға тап болатынын айтып, олардың қандай қиындыққа ұшырайтынын сипаттады:

Жаңағылар жаңадан келген жас қыздарды өздеріне тартып алады. Сосын әйел мен күйеудің рөлін ойнайды. Егер оған көнбесе, таяқ жейді, бір-бірін сабайды, — дейді ол.

Оның айтуынша, жаңадан келген жас қыздар көп отырғандардан қорқады, ал ұзақ уақыт жазасын өтеп жүргендер өз ережесін орнатады.

Көп отырғаннан кейін жас қыздар келсе, олардан қорқады. Жаңадан келген қыздар көнеді. Сөйтіп өмір сүріп кетеді, жыныстық қарым-қатынасқа түседі, еркек жоқтықтан, — деп түсіндіреді Риза Мұсаханова.

Ол түрме ішіндегі қарым-қатынастар жүйесінің ерекше әрі ауыр сипатын да атап өтті.

түрме Алматы Қылмыс алаяқ

Тақырыпқа жаңалықтар