«Әйелі жүкті»: Ақмола облысында көпбалалы ерлі-зайыпты қайтыс болды

Ақмола облысында жол апатынан ерлі-зайыптылар қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қайғылы жағдай 27 қаңтар күні «Ақсу – Бестөбе – Изобильное» автожолында болған. LADA Largus және Toyota Land Cruiser Prado автокөліктері соқтығысқан.

«LADA Largus көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды», – деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақмола облыс Жол апаты Отбасы

Тақырыпқа жаңалықтар