Әйелін шәкіртіне тұрмысқа берген адам айыппұл арқалады

Бұл өзін имам ретінде таныстырған хазірет Құрбанәлі Ахмет. Ол бұған дейін журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында екінші әйелін шәкіртіне күйеуге бергенін айтқан еді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алматы қаласының билігі хазретінің сұхбатына тексеріс жүргізіп, мұндай мәлімдемелер Қазақстан заңнамасына қайшы келетінін айтты. Сонымен қатар бұл пікір қоғамдық санаға және конфессияаралық келісімге теріс әсер етуі мүмкін екені айтылды. Нәтижесінде ер адам айыппұл арқалады. Сонымен қатар оның ресми діни өкіл еместігі анықталды.

Сұхбат авторы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазірет діни өкіл Журналист Айыппұл

Тақырыпқа жаңалықтар