Әйелін ұрамын деп өлтіріп алған ақтөбелік тұрғынға үкім шықты

Ақтөбе тұрғыны жұбайына ауыр дене жарақатын салғаны үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Соттың мәліметінше, ер адам жанжал кезінде әйелінің басынан бірнеше рет ұрған. Содан кейін әйелдің жағдайы күрт нашарлап кетеді. Әйел төсектен тұра алмай, үйден шығуды доғарады.

Жедел жәрдемдегілер науқасты ауруханаға жатқызуды ұсынды. Бірақ жәбірленуші бас тартты. Кейін әйелдің жағдайы күрт нашарлап жедел жәрдемді қайта шақыртады. Әйел жансақтау бөлімінде көз жұмады.

Сот-медициналық сараптама мидың травматикалық ісінуіне әкелетін қан кетумен жабық ми жарақатына байланысты өлім болғанын анықтады. Сарапшылар өлімнен бір күн бұрын марқұмға ауыр зиян келтірілгенін және өлім қатты соққыдан туындауы мүмкін екенін атап өтті. Әйелдің қанында алкоголь мен есірткінің құрамы болмаған.

Әйелінің қазасына ер адам кінәлі деп танылып, оған сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ақпарат Ақтөбе Әйел Қаза

Тақырыпқа жаңалықтар