Әйелін ұрып 2 жылға сотталған экс-әкім жазасы айыппұлға ауыстырылды
Фото: freepik.com
freepik.com
Қазақстан жаңалықтары29 қазан 2024, 12:00

Әйелін ұрып 2 жылға сотталған экс-әкім жазасы айыппұлға ауыстырылды

Атырау тұрғынының бас бостандығы денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін бас бостандығы 2 жылға шектелген. Алайда апелляциялық алқа бірінші сатыдағы сот үкімін өзгертіп, жазаны айыппұлға ауыстырды. Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Атырау қалалық №2 соты И есімді азаматты ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп таныған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оған бас бостандығын 2 жылға шектеу түріндегі жаза тағайындалған, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Жәбірленушінің моральдық шығын туралы азаматтық талап қоюы ішінара қанағаттандырылды. Сотталушыдан 2 млн теңге моральдық зиян өтемақысы өндірілді. Іс апелляциялық алқаға жәбірленуші және қорғау тарабының шағымдары, сондай-ақ прокурордың өтінішхаты бойынша түсті», -деді облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сот алқасы іс материалдарын зерделеп, И-дің қылмыс жасаудағы кінәсі жәбірленушінің жауаптарымен, сот-дәрігерлік сараптама қортындысымен дәлелденді деген тұжырымға келген. Алайда, кінәлі адамға көрінеу белгілі материалдық жағынан тәуелді адамға қатысты саралау белгісі дұрыс тағылмаған деп шешті.

«Жәбірленушінің сотталушыға материалдық тәуелділігі туралы дәлел ұсынылмады. Жәбірленушінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны, оның шотына ақша түскені туралы құжаттар ұсынылды. Осыған байланысты И.-дің әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігімен қайта сараланды. Оған 700 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (2 млн 415 мың теңге айыппұл жазасы тағайындалды», -деп мәлім етті облыстық сотының баспасөз қызметі.

 

Экс-әкім әйелін ұрған Атырау Айыппұл

Тақырыпқа жаңалықтар