Қазақстан жаңалықтары11 сәуір 2024, 8:23

"Айка тізімі": Полиция тергеу жүргізіп жатыр

«Айка тізімі» ісі бойынша фактілер тексеріліп жатыр деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорллық қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров. Былтыр желтоқсанда интернетте қазақстандық эскорт клиенттерінің жеке деректері көрсетілген «Айка тізімі» жарияланған болатын. ІІМ ақпараттың таралуы бойынша қызметтік тергеуді бастады, алайда бұл істі кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қолға алды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қылмыстық істің Астана полиция департаментінде тергеу сатысында екенін растаймыз. Аталған іс бойынша барлық факті тексеріліп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша қосымша міндетті түрде хабарлаймыз», - деді Данияр Бигайдаров.

 

Айка тізімі Тексеру Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Тақырыпқа жаңалықтар