Air Astana ұшақтары 15 шілдеден бастап Дубайға қайта ұшады
Air Astana 15 шілдеден бастап Дубайға сапарын жалғастырады,деп хабарлайды Arbat.Media.
Әуе компаниясы Алматы-Дубай-Алматы және Астана-Дубай-Астана тұрақты рейстерін қалпына келтіруді жоспарлап отыр.Air Astana Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты ұшу кестесі өзгеруі мүмкін екенін атап өтті. Бұған дейін Air Astana Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты 13 және 14 шілдеге жоспарланған Алматы - Дубай - Алматы, сондай-ақ 14 шілдедегі Астана - Дубай - Астана рейстерін тоқтатты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: