Атыраулық хакерге қатысты сот үкімі шықты
Атырауда бірнеше рет алаяқтық жасаған 32 жастағы Нұрлан Жанбырбаев 3 жыл 6 айға шартты түрде сотталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Тергеу мәліметінше, ер адам азаматтарға инвестициялық жобаларға қаржы салуды, IT курстарында білім алуды ұсынған. Сондай-ақ әлеуметтік желідегі бұғатталған парақшаларды қалпына келтіруге көмектесетінін айтып, түрлі техника сатумен айналысқан.
Алайда оған ақша аударған азаматтар уәде етілген тауарлар мен қызметтерді ала алмаған.
Жанбырбаевтың әрекетінен 12 адам зардап шеккен. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын шамамен 13 миллион теңгені құрады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: