Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Алаяқтардың жаңа айласы бойынша, олар медициналық мекемеден жалған қоңырау соғып жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.
Алаяқтар медициналық ұйымдардың атынан қоңырау шалып, SMS-кодты жазып, скринингтік жазбаны растауды сұрай бастаған. Бұл олардың жаңа алаяқтық схемасы. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрілігі мемлекеттік медициналық мекемелер SMS-код арқылы жазбаны растауды талап етпейтінін ескертті.
«Мұндай кодтар, әдетте, цифрлық қызметтерге кіру немесе операцияларды растау үшін қолданылады. Оларды үшінші тұлғаларға беруге болмайды», - делінген министрлік хабарламасында.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: