Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет» мамандарының болжамынша, 27-28 қыркүйекте елдің солтүстігі мен шығысында түнде сынап бағаны 1-3 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Arbat.Media

Ал 28-28 қыркүйекте солтүстік-батыс пен орталық өңірлерде үсік жүреді

Күн райы негізінен жауын-шашынсыз болғанымен, елдің шығысы, орталығы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таулы аймақтарда жаңбырдың соңы қарға ұласуы ықтимал.

Сонымен қатар, еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін.

Казгидромет Ауа райы болжам жауын-шашын

Тақырыпқа жаңалықтар