Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 3-5 қаңтарға арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағы арқылы Жерорта теңізі аймақтарынан келген циклон өтеді.
Осыған байланысты республиканың көп бөлігінде қар, боран, батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
3 қаңтарда солтүстік-батыста қалың қар жауып, 5 қаңтарда оңтүстік-шығыста мол жауын-шашын түсуі ықтимал.
Сондай-ақ республика бойынша көктайғақ болып, тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін.
Елдің батысында түнде ауа температурасы 0...-8 градусқа дейін, күндіз -2 градустан...+5 градусқа дейін көтеріледі.
Орталық өңірлерде ауа температурасы түнде -10... -18 градусқа дейін, күндіз -5...-12 градусқа дейін төмендейді.
Оңтүстікте түнде температура 0...-10 градусқа дейін төмендеп, күндіз -6-дан...+2 градусқа дейін көтеріледі.
Оңтүстік-шығыста түнде 0...-5 градусқа дейін, таулы аймақтарда -8...-13 градусқа дейін аяз болса, күндіз ауа температурасы -2 градустан +3 градусқа дейін көтеріліп, таулы аймақтарда -5...-10 градусқа дейін төмендейді.
Шығыс өңірлерде түнде -5..-13 градусқа дейін, күндіз -5..-10 градусқа дейін аяз болмақ.