«Алғабастағы алапат өрт»: Зардап шеккендердің жағдайы қалай?

Түркістан облысындағы жеке тұрғын үйде болған өрттен аман қалған 2 ересек адамның жағдайы қалыпты, деп хаюарлайды Arbat.Media.

Тағы біреуі бала, ол ауыр халде жатыр. Бұл туралы Сенаттағы брифингте денсаулық сақтау-вице министрі мәлімдеді.

"Өрттен зардап шеккендер Шымкент қаласына жеткізілді. Оларға қажетті ем-дом шаралары көрсетіліп жатыр. Алайда баланың жағдайы «ауыр» деп бағаланып отыр. Қазір алматылық мамандар да жұмылдырылды. Бұл жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында”, - деді ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.

Еске салсақ, 18 қарашада Жетісай ауданына қарасты Алғабас ауылындағы жеке тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға орнында 12 адам көз жұмды, оның ішінде тоғызы бала. Ал үш адам, оның ішінде бір бала жарақат алып, ауруханаға жеткізілген еді.

Түркістан облыс тұрғын Жетісай

Тақырыпқа жаңалықтар